Өрт қауіпсіздігі – өмір кепілі » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2026
0

Өрт қауіпсіздігі – өмір кепілі

Өрт қауіпсіздігі – өмір кепілі
    Білім басқармасы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігін хабарлайды.
    Осыған орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 18 ақпан күні 3-“Б” сынып жетекшісі Дилафруз Ачилова “Өрт қауіпсіздігі – өмір кепілі” тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырды.
    Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға өрт кезіндегі дұрыс әрекеттерді үйрету, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және төтенше жағдайларда сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Сабақ барысында мұғалім өрттің шығу себептері, оның алдын алу жолдары және өрт болған жағдайда орындалуы тиіс негізгі әрекеттер туралы жан-жақты түсіндірді. Оқушыларға:
 • өрт шыққанын байқаған сәтте үлкендерге немесе мұғалімге дереу хабарлау;
 • 101 немесе 112 жедел қызмет нөмірлеріне қоңырау шалу;
 • сабыр сақтап, айқай-шу шығармай, белгіленген эвакуация жолымен тез әрі тәртіппен сыртқа шығу;
 • түтін көп болған жағдайда еңкейіп немесе еңбектеп қозғалу, ауыз-мұрынды дымқыл орамалмен жабу;
 • лифт қолданбау, баспалдақпен шығу;
 • өз бетінше өртті сөндіруге әрекет жасамау сияқты маңызды қауіпсіздік ережелері таныстырылды.
Сонымен қатар көрнекі құралдар арқылы өрт сөндіргішті пайдалану жолдары көрсетіліп, жағдаяттық тапсырмалар орындалды. Оқушылар белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, алған білімдерін тәжірибе арқылы бекітті.
Бұл түсіндірме жұмысы оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін арттыруға және төтенше жағдайларда өз өмірін қорғауға бағытталды.










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив