🎊 ӨЗБЕК ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ пән апталығының ашылуы🎊 » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🎊 ӨЗБЕК ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ пән апталығының ашылуы🎊
16
февраль
2026
0

🎊 ӨЗБЕК ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ пән апталығының ашылуы🎊

🎊 ӨЗБЕК ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ пән апталығының ашылуы🎊
“Алишер Навоий -маънавиятимиз уммони”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-те 2026 жыл 16 ақпан күні ӨЗБЕК ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ пән ӘБ мүшелері басшылығында, “Алишер Навоий -маънавиятимиз уммони” тақырыбында апталық жоспары құрылып, ашылу кеші өткізілді. 
ӘБ жетекшісі: Наргиза Юлдашова 
   Апталықтың басты мақсаты – оқушыларға Алишер Навои шығармашылығын терең таныту, оның бай әдеби мұрасын насихаттау, ана тіліне деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
   Шара барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, апталықтың маңыздылығына тоқталды. Өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері апталықтың жоспарын таныстырып, алдағы күндері өтетін ашық сабақтар, әдеби кештер, көркемсөз оқу байқаулары мен танымдық сайыстар туралы мәлімет берді.
   Апталықтың ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға рухани әсер сыйлады. Бұл іс-шара жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық рух пен мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.
Пән апталығы барысында әлі де көптеген тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдері мен өнерлерін ортаға салатын болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив