24
февраль
2026
ДЕФИЛЕ - 2026
ДЕФИЛЕ - 2026
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-те 2026 жыл 24 ақпан күні ЭСТЕТИКА пәндері апталығы барысында еңбек пәні мұғалімдері Dilfuza Imamsidikova, Дилфуза Халвашиковалардың ұйымдастыруымен 5-11 сынып қыздары ортасында “ДЕФИЛЕ - 2026” сән байқауы жоғары деңгейде өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қолөнер мен сән өнеріне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ қыз балалардың сахна мәдениеті мен өз-өзіне деген сенімділігін нығайту болды.
Шара барысында қатысушылар өз қолдарымен дайындаған сән үлгілерін көпшілікке таныстырып, киім үлгілерінің ерекшелігі мен жасалу идеясын әсерлі түрде қорғап шықты. Ұлттық нақыштағы, заманауи стильдегі және креативті бағыттағы киімдер көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Қатысушы арулар сахнада өзін еркін ұстап, жүріс-тұрыс мәдениетін, талғампаздық пен шеберлікті көрсете білді. Әділқазылар алқасы байқауға қатысушылардың шығармашылығына жоғары баға беріп, үздіктерді марапаттады.
“ДЕФИЛЕ – 2026” сән байқауы оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, эстетикалық тәрбие берудің жарқын үлгісіне айналды.





