20
декабрь
2025
“Бітіруші түлектердің жауапкершілігі – ортақ міндет” ата-аналар жиналысы
“Бітіруші түлектердің жауапкершілігі – ортақ міндет” ата-аналар жиналысы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-те 2025 жыл 20 желтоқсан күні мектеп директоры Раъно Эркиновна Сайрамбаева, ДӘЖЖО Д.Шамуратова, ДТЖЖО Султанбай Юнусалиев, 11-“АБ” сынып жетекшілері Мархаба Убраимова, Наргиза Юлдашова және пән мұғалімдері басшылығында мектептің бітіруші сынып оқушылары және ата-аналарымен бірге жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – оқу жылының маңызды кезеңдеріне дайындық жұмыстарын талқылау және ата-аналармен тығыз байланыс орнату.
Жиналыс барысында келесі өзекті мәселелер қаралды:
– Оқушылардың сабаққа уақытылы, кешікпей келуін қадағалау;
– Мектеп формасын сақтау, оқушылардың сыртқы келбеті мен тәртібі;
– Оқушылардың тәртіп ережелерін сақтауына ата-аналардың жауапкершілігі;
– ҰБТ-ға дайындық барысы, қосымша сабақтар мен дайындық деңгейі;
– Қорытынды емтихандарға дайындық және олардың өткізілу тәртібі;
– «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасын ұйымдастыру мәселелері;
– «Соңғы қоңырауға» байланысты артық шығындарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары.
Жиналыс соңында ата-аналар өз ой-пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты күшейту, оқушылардың білім сапасы мен тәртібін жақсарту бағытында бірлесіп жұмыс атқару қажеттілігі атап өтілді.



