«Су – тіршілік көзі, сақтық – өмір кепілі» » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Су – тіршілік көзі, сақтық – өмір кепілі»
14
январь
2026
0

«Су – тіршілік көзі, сақтық – өмір кепілі»

«Су – тіршілік көзі, сақтық – өмір кепілі»
    «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын   қорғау комитетінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №21-1-21-5/8388-И хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының 29.12.2025 жылғы №10-08-07/8379 хатын сәйкес Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту  жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге алып  «Заң және тәртіп» бағытында  қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында
    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 14 қаңтар күні “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” бағытында 7-“А, Б” сынып жетекшілері Бекнияз Ярметов, Маргуба Сайдалиева  «Су – тіршілік көзі, сақтық – өмір кепілі» тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.
     Іс-шараның мақсаты:
Су айдындарында және тұрмыста суға байланысты сақтық шараларын сақтау мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында судың адам өміріндегі маңызы айтылып, сонымен қатар судағы қауіпсіздік ережелерін бұзудың ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екені түсіндірілді.
Оқушыларға рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау, ересектердің бақылауынсыз суға түспеу, өзен-көлдерде қауіпсіздік белгілеріне назар аудару қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар суға мас күйде түсуге, бір-бірін суға итеруге, терең жерлерге секіруге қатаң тыйым салынатыны айтылды.
Төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, көмекке шақыру, құтқару қызметіне 112 нөмірі арқылы хабарласу керектігі түсіндірілді.
Түсіндірме жұмысының мақсаты – оқушылардың судағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілігін арттыру және жазатайым оқиғалардың алдын алу.[media=https://www.facebook.com/reel/4160905697484287?locale=ru_RU]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив