ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
январь
2026
0

ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
      «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын   қорғау комитетінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №21-1-21-5/8388-И хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының 29.12.2025 жылғы №10-08-07/8379 хатын сәйкес Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту  жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге алып  «Заң және тәртіп» бағытында  қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында
    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 14 қаңтар күні “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” бағытында 2-“Б” сынып жетекшісі Сабира Зарипова “ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ” тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.
     Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және мектепте, үйде, көшеде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру.
Қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері:
 • Мектепте тәртіп сақтау, дәлізде жүгірмеу, баспалдақта абай болу;
 • Электр құралдарын рұқсатсыз қолданбау, розеткаға бөгде зат салмау;
 • Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, отпен ойнамау;
 • Сыныпта және спорт алаңында қауіпсіздік талаптарын орындау;
 • Көшеде жол қозғалысы ережелерін сақтау, белгіленген жерден өту;
 • Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, күмәнді жағдайларда үлкендерге хабарлау;
 • Интернетте жеке ақпаратты жарияламау, қауіпсіздік ережелерін сақтау;
 • Төтенше жағдай туындағанда сабыр сақтап, мұғалімнің нұсқауын орындау.
Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға мысалдар келтіріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау әр баланың міндеті екені атап өтілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив